Облыс әкімі С.Трұмовтың тапсырмасы бойынша өңірдегі жем-шөп мәселесін оңтайлы шешу мақсатында «Каспий» ӘКК» АҚ-ы «Азық-түлік Корпорация» АҚ-мен 637 тонна арпа жеміне келісімшарт жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақмола облысынан 637 тонна (10 вагон) арпа жемін Маңғыстау облысының Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы аудандарымен қоса Жаңаөзен қаласына 2 вагоннан бөліп, оны жеткізіп беруін ұйымдастыруда. Аудандар мен Жаңаөзен қаласынан тағайындалған операторларға Қоғам арпа жемінің бір келісі 87 теңгеден белгіленген келісімшарт жасақталып, операторлар 90-92 теңгеден сатуға келісті.
«Каспий» ӘКК» АҚ-ы «Азық-түлік Корпорация» АҚ-мен қосымша 1 100 тонна арпа жемін резервте ұстауға уағдаласты.