Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Иран Республикасынан Қазақстан аумағына темекінің экономикалық контрабанда дерегін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қылмыстық топтың Ақтау қ. «Морпорт» кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плиткалар мен томат пастасы түрінде 30 контейнер темекіні заңсыз тасымалдағаны анықталды. Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған.
Тәркіленген темекінің кедендік құны 1,7 млрд. теңгеден асады. Басты ұйымдастырушы және лауазымды тұлға – 10 жылға, құқыққа қарсы қызметтің үш сыбайласы 5 жылға сотталды, делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің таратқан ақпаратында.