Жақында Маңғыстау облысынан арнайы жұмыс тобы құрылып, жем-шөп мәселесін шешу барысында Ақтөбе облысына іс-сапармен барған болатын. Іс-сапар барысында Ақтөбе облысының аудандарын аралап зерделеп, екі облыс арасында меморандумға қол қойылып, екі облыс аудандары арасында келісімдер жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жұмыстар орындалған жағдайда шілдеден бастап биылға шабылған шөп аудандармен белгіленген операторлар арқылы жеткізіледі. Ақтөбе облысынан, өңірімізде 1 рулон шөп шамамен 16 мың тг сатылады.
Сондай–ақ, өңірімізді жем шөппен қамтамасыз ету мақсатында«Каспий» ӘКК АҚ арқылы 150 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, 54 млн теңгеге 637 тонна арпаны, облысымызға дейін тоннасын 87 000 тгден, сатып алынған болатын. Жалпы келісім 1 733 тоннаға.
3 маусымдағы аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес облыс бойынша дайындалған мал азығы 19 960,9 тоннаны құрады. Оның ішінде шөптің көлемі – 6 581,4 тонна.
Өзге облыстардан тасымалданып және өз өңірімізде дайындалған жемнің көлемі барлығы – 13 379,5 тоннаны құрады, делінген Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан ақпаратта.