Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен өңір тұрғындары мен қонақтары үшін JET Kazakhstan компаниясы электросамокаттарды жалға беру бойынша жаңа жобаны іске қосты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жалға алу қызметін тұрғындар "JET" қосымшасын смартфонға жүктеп алу арқылы жүзеге асыра алады.
JET Kazakhstan компаниясы жобаның бірінші кезеңінде Ақтау қаласы аумағында самокаттарды жалға беруге арналған 15 тұрақты 100 самокатпен қамтыды. Әр тұрақта пайдалану ережелері мен QR-коды бар тақтайшалар орнатылған.
“Бүгінгі күні қалада 100 самокат бар, бағасы әр минутқа 35 теңге, сондай-ақ, сапардағы жазатайым оқиғадан сақтау мақсатында самокаттар GPS-пен жабдықталған. Жылдамдықты 25 км/сағ-тан асыруға мүмкіндік жоқ. Маусым айының соңына дейін самокаттар санын 300 данаға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз”, - дейді компания өкілі М.Абелқасов.
Электросамокаттар экологиялық таза көлік құралы ретінде тиімді болмақ.