Жақында Маңғыстау ауданына жұмыс сапары аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің МО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оператор мамандармен тілдесіп, орталық қызметімен жете танысқан соң аумақтық департамент басшысы түрлі сауалдармен жүгінген тұрғындарды қабылдады.
Әсіресе, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағдайы және ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы сауалдарға департамент басшысы, аудан әкімі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ облыстық филиалы директорының орынбасары толықтай түсіндірді.
Жалпы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде аумақтық департамент тарапынан қоғам белсенділерімен бірлесіп, апта сайын тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдаулар жүйелі түрде жүргізіліп тұрады.