Бейнеу ауданы Сарға ауылының Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебінің және Бейнеу мектеп интернатын бітіргеніне 10 жыл толған түлектер Қуановтар отбасына Бейнеу ауылынан үй сыйлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шараға Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болысов Марат Есенұлы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қалдығараев Сейсенбек Сүйекбайұлы қатысты.
Қуанышқа кенелген Қуановтор әулеті жастарға ризашылығын білдіріп, өз алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, биыл Рамазан айында 2011 жылғы бейнеулік түлектер аудандағы көпбалалы Аманқосовтар отбасына жаңа үйдің кілтін табыс еткен болатын.