“Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы “Miras” қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста кеңес төрағасы Есберген Іңірбайұлы төрағалық етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Күн тәртібі бойынша кеңес мүшелері Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарымен танысып, жыл ерекшеліктерін ескере отырып ұсыныстар берілді.
“2021 жылы облыс мәдениетін жандандыру, мемлекеттік деңгейде насихаттау бағытында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар, жыл ішінде тойланатын атаулы мекерелік даталар мен мерейтойларды қамтитын барлығы 4000-ға жуық шара ұйымдастыру жоспарланды. Жыл басында Ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай арнайы жоспар әзірленді. Наурыз мерекесін ұйымдастыру мен өткізудің тұжырымдамасы бекітіліп, әр күнге атау беріліп, бір ай көлемінде тойланды. «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Салбурын» этнографиялық шарасы ұйымдастырылды. Наурыз айының басында Жаңаөзен қаласында жастар театрының труппасы ашылды. Сондай-ақ, Наурыз айында аймақтық ақындар айтысы жоспарланып ұйымдастырылды. Айтысқа Ақтөбе, Маңғыстау өңірінің ақындары қатысып бас жүлдені Маңғыстаулық ақын Алшын Суемов иеленді. Алдағы мамыр айының 26-27 күндері Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде «Тәу етерім-Тәуелсіздік» республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылады. Айтысқа республикамыздың әр облысынан 18 ақын қатысады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, маусым, шілде айларында Астана және ұлттық домыбыра күніне арналған мерекелік концерттер мен танымдық бағыттағы шаралар, домбырашылар шеруі жоспарлануда. Қыркүйек айында облыстық драма ұжымдарының шығармашылық байқауы, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Сырлы әлем» шығармашылық байқауы, қараша айында Мұрат Өскінбаев атындағы халықаралық күйшілер конкурсы, желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» облыстық ХІІ Маңғыстау жұлдыздары өнер фестивалі сынды ірі шараларды ұйымдастыру жоспарланды. Фестиваль 12 аталым бойынша өткізілетін болады. Фестивальға облыс көлеміндегі 52 көркемөнерпаздар ұжымы мен жеке орындаушылар қатысады деп күтілуде. Жастарды қолдау мақсатында, жыл ішінде М.Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның жас әншілері, республикалық байқаулардың лауреаттары Бердікбек Құлғараев, Бауыржан Ретбаев, Аида Байгелова және Нұрым Асқановтың есептік концерттерін ұйымдастыру жоспарлануда. Қ.Сыдиықов атындағы облыстық кітапханасында «Еркіндігім.Қасиеттім.Қастерлім» және Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде «Жасасын, Азаттық! Жасасын Тәуелсіз Қазақстан» тақырыптарында тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өткізіледі”, - деп Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Г.Төлеуғалиева өз баяндамасында атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша кеңес мүшелері облыс аумағындағы мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту бағытында атқарылып жатырған жұмыстармен танысты.
“Облыста Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бағытындағы жұмыстар сәйкес жүргізілуде. Аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру-насихаттау жұмыстары шеңберінде онлайн семинарлар мен тікелей эфирлер ұйымдастырылуда. Мемлекеттік органдардың іс жүргізу, құжатайналымына тұрақты түрде мониторинг және тексеру жұмыстары нәтижесі 2021 жылдың І тоқсаны бойынша – 99,8%-ды құрағаны анықталды”, - деп Г.Төлеуғалиева атап өтті.
Отырыс соңында 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты Маңғыстау облыстық сайлауалды бағдарламасының “Тарих пен мәдениетке бай аймақ” бағыты бойынша 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар тыңдалды.
"Мәдениет саласы қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын арттыру бойынша 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына, соның ішінде кітапхана, театр, концерттік ұйымдар және мұражайларға келушілердің орташа саны жылдық жоспарға сәйкес орындалды. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау және өнер салаларын дамыту бойынша облыстық XII “Маңғыстау жұлдыздары” өнер фестивалін ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, ағымдағы жылдың қазан-қараша аралығында өткізу жоспарланды. “Бөрілген қорымы” тарихи және мәдениет ескерткішіне ғылыми-реставрациялау жұмыстары 15 наурызда бастау алды. “Қызылқала қалашығы” аумағында археологиялық жұмыстарға тиісті қаражат бөлініп, дайындық жұмыстары басталды” - деді Г.Төлеуғалиева