Биыл Жаңаөзеннен 130 отбасы Ақтау қаласына көшеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникаця орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қала басшысының айтуынша, облыс орталығына көшуге 1 596 адам өтініш берген. Бұл жұмыстарға 1,4 млрд теңге бөлінді.
"2021 жылға арналған кешенді даму жоспары аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын көшіру үшін Ақтау қаласынан 130 пәтер сатып алу жоспарланған", - дейді Мақсат Ибағаров.
Айта кетейік, былтыр Жаңаөзеннен 150 отбасы Ақтауға көшіп келген.