Жаңаөзен қаласында тұрғындар санының өсуіне байланысты желтоқсан айында Кендірлі жаңа ауылы құрылды. Қазіргі таңда ауылға қарасты 12 мың адам бар. Аумақ көлемі - 113 мың гектар.
«2020 жылы Кендірлі ауылы құрылды. Бүгінде ауылдың жер көлемі - 2 235 га. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес енді бұл ауылға тағы 113 мың гектар жер қосу жоспарланып, жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Схемалық картасы әзірленді. Шекарасын белгілеп жобалау жұмыстары осы жылдың аяғына дейін жүргізіледі»,-деді Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров.