• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 29 Шілде 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Вакциналар неліктен екі компоненттен тұрады?...

Не себепті вакцина салдыру қажет?...

Бас санитардың жаңа қаулысы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді...

  • USD: 424.64 ₸
  • EUR: 501.63 ₸
  • RUB: 5.78 ₸

Бизнестегі мүмкіндік пен қауіпсіздік

23 сәуір, 11:05  |  Маңғыстау жаңалықтары

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, облыс әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров төрағалығымен басқосу өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Басқосу барысында өңір кәсіпкерлеріне індеттің көптеп таралуына байланысты «Қызыл аймаққа» енгендігі және ондағы талаптар түсіндірілді.

«Бизнес нысандардың карантин жағдайында қауіпсіз жұмыс істеуі үшін вакцинациялау шаралары маңызды. Өйткені қыс, күз мезгілдерімен салыстырғанда қазір біршама өсім бар. 100 адамның 65-і науқастармен қарым-қатынаста болғаны белгілі. Бір отбасынан 8-9 адамның ауырғаны бар», - деді Бекбол Тілеумұратұлы.

«Қызыл аймаққа» ену туралы қаулы ресми түрде жексенбі күні жарияланады. Онда біраз нысандарға шектеу бар.

«Әкімдік бизнеске кедергі келтірді деген түсінік болмауы керек. «Қызыл аймақ» талаптарына бағынуға тиіспіз. Азық-түлік емес дүкендер аумағы 200 ш.м артық болса, бөлек тұрған ғимараттар, монша, сауна, спа орталығы, бассейн, базарлар, спорт, фитнес кешендері, сауда орталықтары 5 жұмыс күніне көшіп, сенбі, жексенбі жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары сағат 9:00-20:00 ге дейін 30 адамнан артық емес сыйымдылықпен жұмыс істейді. Мекемелердегі штаттық қызметкерлердің 80% онлайн, 20% келіп жасайтын болады. Мешіттерде намаз оқуға, ауызашар беруге тыйым салынады», - деп ой қорытты облыстың бас санитарлық дәрігері Ғазиз Надуев.

Сонан соң мониторингтік топтардың жұмысы туралы сөз өрбіді. Мобильдік топ рейдпен бизнес нысандарына барғанда келіспеушіліктер жиі болатыны айтылды. Қазір әр ауданнан 24 мобильді топ бар.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева:

«Олардың қатысуымен 890 рейд шарасы өткен. 6 мыңнан астам бизнес нысандар тексерілген. Солардың 4%-на айыппұл салынды. Бизнестің тығырықтан тезірек шыққаны бізге де қажет. Сондықтан да кәсіпорындар өз қызметкерлерін екпеден өткізіп, өз өмірлері мен қоғам қауіпсіздігін түсіндіруі керек», - деді.

Кәсіпкерлердің ісін өркендетуге 26 сәуірден бастап «Ashyk» жобасы бойынша жұмыс істеу іске қосылады. Оның тиімділігі жиналысқа қатысушыларға таратылып айтылды. Бұл мобильді қосымшаның бір артықшылығы- қазіргі «қызыл аймақ» жағдайында «сары аймақтың» талаптары орындалса, «сары аймақ» режимінде «жасыл аймаққа» сай жеңілдіктер жасалады.

«Қазір бизнестің 8 бағыты бұл жеңілдікті пайдалана алады. 5 мамырдан бастап мейрамхана, караокелер енеді. Әр кәсіпкер «Infokazakhstan» сайты арқылы QR –код алып, келушілерді сол арқылы тексеріп кіргізеді. Халықтың денсаулық жағдайы ПЦР және "Ковид2021" базасынан лезде тексеріледі. Телефондағы мәліметті ғимарат иесіне не әкімшісіне көрсетіп, еркін кіре алады. Бұл бизнестің жабылмауына, көпшіліктің қалаған жеріне кіруіне мүмкіндік береді. Жоба Алматы мен Нұрсұлтан қалаларында сәтті жүзеге асты. Қазір Маңғыстауда 5 мекеме осы қосымшаның көмегімен жұмыс істеуде. Оның үшеуі қоғамдық тамақтану орны, спа орталық пен спорт кешені», - дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан.

Шара соңында іскерлермен сұрақ-жауап алмасты. Облысқа танымал кәсіпкер Ирина Беляева:

«Менің жиһаз салоным 200 ш.м асып тұр. 250 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Ай сайын 20 млн тг салық төлеймін. Әр қызметкеріме жұмыс істеуге 100 ш. м жер бөлінген. Сонда халық тығыз орналасатын шағын жерлер ашылады. Қауіптілік жоғары емес пе? Біздің барлық қызметкер ПЦР тапсырып, вакцина алған әрі кең аумақта жұмыс істейді. Рұқсат жоқ. «Ашық» қосымшасын енгізуге ниетті алғашқылардың бірі болып тіркелдік. Сауда үйі болғандықтан жеңілдік жоқ», - деп көмек сұрады.

Оған облыстың бас санитары Ғазиз Надуев былай деп жауап берді: «Бизнес нысандары өз наразылықтарын Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жазбаша түрде немесе штабқа арыздана алады. Олар орталыққа жібереді. Қаулы талабын өзгертуге жоғарыдан тапсырма келсе біз дайынбыз. Бұл мәселе жергілікті жерде шешілмейді. «Ashyk» қосымшасына тіркеліп еркін түрде 500 адамға той жасауға болады деген ойдан аулақ болыңыздар. «Сары аймақ» режимінде жұмыс істеудің жауапкершілігі де жоғары болады. Санитарлық мамандардан рұқсат алу қажет. Қызметкерлердің барлығында ПЦР қорытындысы мен вакцина егілуі тиіс.

Сырқат қауіпі бар деп мобильді қосымша көрсетіп тұрса да, ғимаратқа кіргізіп жіберуге тыйым бар. Ең алдымен даяшылар мен сатушылардың сырқаттануы жоғары. Қызметкерлердің қауіпсіздігі бизнес иесіне жүктеледі».

Бизнес өкілдерін толғандырған барлық сауалдар бойынша Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасынан жауап алуға болатыны айтылды.

373
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Оқушылар Әзербайжанның ботаникалық бағымен танысты

Келесі жаңалық

Облыста кеше 12 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    29 маусым, 14:20
    1312

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    1815

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1601

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1320

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1349

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1714

    Рубрикалар

      Маңғыстау жаңалықтарыӘдебиетМұнайлыБайланыс мәліметтеріБейнеуСпортАстана - 20Аудан тынысыЭкономикаҚоғамХабарландыруАнықтама бюросы

    Автордың басқа да жазбалары

    Тұтынушы талабы – сапалы тауар

    Бүгін 16:25
    27

    Жаңаөзендегi жас IT мамандар мобильдi қосымша ойлап тапты

    Бүгін 15:57
    38

    Қамшыбек Қоңқабаев Токио олимпиадасының ширек финалына өтті

    Бүгін 15:31
    37

    Маңғыстау мешіттеріне Ихсан кітабы таратылды

    Бүгін 15:22
    42

    ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала брондау бойынша қабылдайды

    Бүгін 10:17
    64

    Облыста кеше 220 адамнан коронавирус анықталды, 11 адам көз жұмды

    Бүгін 09:55
    154

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»