Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді әлемнің барша мұсылмандары асыға күткен қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз ежелден рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата мен ізгі тілектің қайнары болған.
Айлардың сұлтаны болған Рамазан – мейірімділік пен құлшылықтың маусымы. Береке мен бірлік нығайып, мейірім мен қайырым сияқты қасиеттер артатын ай. Ғибадат айында иманды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға мүмкіндік беріледі.
Рамазан – рақым айы. Бір-бірін кешіріп, мейірімділік жолын ұстанған пенделер сауапқа кенеледі.
Рамазан – жақсылық айы. Оразада әрбір жақсы амалдың сауабы еселе¬ніп жазылады. Хадис-шарифте айтылғандай, «адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады.
Қадірлі мұсылман қауым!
Қасиетті айда жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта бергей!
Құрметпен, Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай