Қадірлі жерлестер!
Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының келуімен баршаңызды құттықтаймын!
Он екі айдың сұлтаны Рамазан – ізгі ойлар мен игі істердің салтанат құрған, күн мен түн тұтастай мейірімге тұнған ай.
Қасиетті айда әр мұсылман ағайын-туысқа, көрші-қолаңға, мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, өзінің рухани дамуына мән береді. Осылайша мол сауапқа кенеледі.
Биыл еліміз үшін ерекше кезең. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осынау мерейлі жылда мемлекетіміздің мәртебесі артып, құт-берекесі молая берсін!
Ел азаматтарының ынтымағы жарасып, бірлігі беки түссін!
Жер бетін жайлаған індетті жеңіп, мамыражай күндерге жете берейік!
Жаратқан ниетіміз бен тілегімізді қабыл еткей!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов