Жақында «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Азаматтық бақылау. Мемлекеттік сатып алуға жүргізілген мониторинг нәтижесі» тақырыбында конференция өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Конференцияға қоғамдық бақылау өкілдері, жергілікті қоғамдастық мүшелері, белсенді азаматтар мен жергілікті әкімшілік қызметкерлері қатысты. Аталған жиында жоба қатысушылары зерттеу жұмыстарын қорғап, талдау жүргізді.
«Былтыр қазаннан бастап« COVID - 19 күресуге бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізу »атты жоба орындалды. Соның аясында «Азаматтық бақылау. Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу »атты тренинг өткен болатын. 24 қатысушы қоғамдық бақылау инструменттерін қолдану, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу, ашық дерек көздері жайлы ақпараттармен танысты. Алған теориялық білімді тәжірибемен ұштастырғандар да бар », - дейді« Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы »ЗТБ директоры Жібек Ахметова.
Алдымен сарапшы Ғалымжан Оразымбет, Гүлбаршын Қарабалина және Мөлдір Амангелдиева Маңғыстау және Атырау облыстары бойынша COVID – 19 күресуге бағытталған бюджет қаражаты мен мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген мониторинг нәтижесімен таныстырды. Содан соң тренинг қатысушылар Жұлдызай Қарғамбаева «Батыр ауылы бойынша автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары» тақырыбын таңдаса, Жұлдызай Қалиева Ақтау қаласын наурыздағы мерекелерге орай безендіруге қанша қаржы жұмсалатынын жазған. Ал Ханшайым Құспанова «Маңғыстау облысы бойынша азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызмет» тақырыбын талдады.
Осы ретте жергілікті әкімшілік қызметкерлері мен қатысушы, сарапшы маман арасында өзара диалог орнатып, тақырып талқыланды. Сондай-ақ ұсыныстар айтылды. Нақтыласақ, ұсыныс мемлекеттік сатып алу порталында тапсырыс беруші тарапқа айтылды. Сарапшылардың айтуынша, қызметтің немесе өнімнің техникалық ерекшеліктері екі тілде жариялануы, қажетті құжаттармен толықтырылуы, сонымен қатар өзге де ұсыныстарды атап өтті.
Айта кетейік, тренинг Еуразия қорымен жүзеге асатын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау USAID бағдарламасының қолдауымен өтті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА