Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында 100х80 метр жерге жылыжай салынып жатыр. Жылыжайға Иран, Грузия, Осетия, Әзірбайжан елдерінен 1000 түп жеміс ағашын әкелген. Бүгін алма ағаштарын егу жұмыстары басталды.
Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, аймақ басшысы С.Трұмов жыл басында барлық аудан әкіміне, ауылшаруашылығы басқармасының басшысына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірде өсірілетін өнім көлемін көбейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта жауапты азаматтар нақты шараларды қолға ала бастады.