Бүгін «Маңғыстау Медиа» ЖШС басшысынан бастап қызметкерлерге дейін ұлттық нақыштағы киім киіп, жұмыс істеп жүр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сонымен қатар «Маңғыстау Медиаға» қарасты аудан редакцияларының журналистері де мерекелік көңіл-күймен күнді бастады. Қыз-келіншектер кәжекеймен бірге әшекей-бұйымдарды келістіріп таққан. Ал ұжымдағы ер азаматтар тақия мен қазақы жейдені киіп келген.
Еске сала кетейік, 4 наурыз – ұлттық киім күні. Бұған дейін мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Наурыз мейрамын атап өту және көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырма берген болатын. Соның аясында биыл наурыздағы әрбір күн ерекше аталып өтуде.
Жұлдыз ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН