© Сурет duis-mangystau.kz сайтынан алынды
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев пен МО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Жасталап Басаров ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ГМ-172/6 мекемесінің аумағында кәсіп ашылса кәсіпкерге ыңғайлы әрі жазасын өтеушілердің жұмыс істеуіне тиімді болмақ.
Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін ГМ-172/6 мекемесі істі болғандарды еңбекпен қамтып қана қоймай, ауданы 5800 шаршы метр жылжымалы цехтар мен ангарлар салу арқылы өндірісті дамыту үшін уақытша пайдалануға мүмкіндік жасайды.
МО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Жасталап Басаров бірлескен жұмыс кезінде сотталғандарды шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің объектілеріне бригадалық құраммен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік бар екенін жеткізді.
Жасалған меморандум тығыз ынтымақтастық негізінде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлердің бизнесін жақсартпақ. Олар "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы жанындағы Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алып, оқудан өтіп, тіпті қаржылық қолдау ала алады. ГМ-172/6 жабық мекемесінде 688 адам жазасын өтеп жатыр, оның 190-ы жұмысқа орналастырылды:
"Еңбек-Батыс" РМК филиалының кәсіпорындарында-24;
мекеменің шаруашылық қызмет көрсетуші персоналы-70;
шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 96 жазасын өтеуші еңбекке араласты.
Қазір 400 жазасын өтеуші жұмыссыз. Қазіргі уақытта ГМ-172/6 мекемесінің өнеркәсіптік аумағында 5 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Металл конструкцияларын өндіру қызметінің негізгі бағыттары, тігін өндірісі және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі бар. Бұдан басқа, мекеменің өнеркәсіптік аумағында "Еңбек-Батыс" РМК өндірістік филиалы бар.