Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
«Маңғыстау облысында 1-қаңтардан бастап осы уақытқа дейін 18 күн ішінде 177 жағдай тіркелді. Мұның барлығы жаңа жылда жасырын корпоротивтік шаралар, той-садақа өткізудің себебінен туындаған. Қазан, қараша айында инфекция жұқтырған 2-3 адам тіркелсе, соңғы 3 күнде аурудың тіркелуі 17, 18ге дейін көтеріліп жатыр. Облыс бойынша ең үлкен көрсеткіш Ақтау қаласы, екінші Түпқараған ауданы, үшінші Мұнайлы ауданы», - деді Ғазиз Надуев