Облыс әкімі Серікбай Трұмов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары Мальчубаев Данияр Серікұлына Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «2-дәрежелі АЙБЫН» орденін табыстады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Данияр Серікұлы 1975 жылы туған. 1997 жылы Түркия Республикасы Әскери-теңіз академиясын, 2009 жылы Кеңес Одағы Флотының Адмиралы Николай Герасимович Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын, 2014 жылы Ресей Федерациясы Бас Штабы академиясын бітірген.
Әскери салада 27 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Мұндай жоғары мемлекеттік награда Маңғыстау облысында Жағалау күзеті бөлімшесі құрылғалы бері алғаш рет беріліп отыр. Данияр Серікұлына әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары, әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін берілді.
Бірінші дәрежелі капитан Мальчубаев әскери қызметте жақсы ұйымдастырушы және нәтижелі қызметтік және жауынгерлік іс-қимылдарының арқасында тек 2020 жылы шекара қызметі теңізде 43 жүзгіш техника мен 27 қайықты құрықтап, 600 мың метрден астам торлар, бекірелер мен ұсақ балық түрлерін аулауға арналған құралдар құрықтаған.