Маңғыстауда 25 желтоқсандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарда 115 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 115 науқастың 47 адамы коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 107, жағдайы ауыр халде 5 науқас, өте ауыр халде 3 науқас бар.
Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулары себеп болып отыр. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 26 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 444 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.