Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың тапсырмасына сәйкес, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С. Қалдығұл және Маңғыстау ауданының кәсіпкері М. Қармысов Ақтөбе облысынан шөп жеткізу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі күні 140 рулон шөп көрші облыстан Маңғыстауға жөнелтілді. Жалпы 400 рулонға келісім- шартқа отырған болатын. Басқарма басшыларының хабарлауынша, аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда. Күні кеше Маңғыстау ауданына 50 рулон шөп жеткізіліп, Шетпе ауылы басында 16 рулон 15000 теңгеден сатылып, 34 рулон Онды ауылына жолданған болатын. Нәтижесінде 27 рулон шөп сатылып, 7 рулон Шетпе ауылына қайтып жіберілді.
Мал азығы қажет тұрғындардың қосымша сұрақтары болса, Маңғыстау ауданының кәсіпкері М. Қармысовқа (87071362465) хабарласуына болады. Қазіргі сәтте Маңғыстау ауданында 495 тонна жем, 1 вагон шөп бар. Алдағы он күндікте тағы 1000 тоннадай жем келеді.
Облыстағы шөп бағасын арзандату мақсатында «МаңғыстауМұнайГаз», «ӨзенМұнайгаз», «ҚаражанбасМұнай» сынды облыстағы ірі мұнай компаниялары өзге өңірлерден Маңғыстауға шөп тасуға көмектесу мәселесін қарастырып жатыр.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша сатылымда 1355,5 тонна жем бар.