14 қараша күні «Казатомпром – МАЭК» қызметкерлері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Турнир «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының қолдауымен «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде «Салауатты өмір салты» тақырыбында өтті. Жарыс барысында қатысушылар табандылықтарын, ептіліктерін және төзімділіктерін көрсетті.
«Ойын өте ұнады. Осындай жарыстар жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді. Біздің команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Келесі ойынымызды асыға күтеміз. Жеңеміз деген үміттеміз. Жарыс өтеді дегенді естіп ұжыммен белсенді түрде дайындалдық», - дейді инженер технолог Ғали Журханов.
Шараны өткізудегі мақсат – қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, үнемі байланыстырып отыратын осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.