Бүгінде аймақ бойынша 215 инфекциялық төсек-орын мен 9 стационар бар. Бұдан бөлек тағы 11 стационар мен 1835 кереует қолданысқа әзір. Барлық техника, мүлікпен қамтылған бұл орында резервте тұр.
«Сондай-ақ тағы бір инфекциялық аурухананың қолданысқа дайындығы 95 процент деп бағалануда. Бұл стационардың ашылуы 25 қазанға жоспарланған. Ғимаратқа КТ, УЗИ, рентген құралдары қойылған. Бұдан өзге биылғы жылдың соңына дейін 100 орындық қалалық көпбейінді аурухана ашылады деп күтіліп отыр. Коронавирустың болжамды келесі толқынын қайтаруға 2700 медициналық қызметші дайындықтан өткізілді. Олардың тізімі бекітілген. Әр апта сайын басқа аймақтардағы ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамымен онлайн-сабақтар өткізілді» - деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.