Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет ауылында мәдени-демалыс орны ашылды. Бұл туралы Дәулет ауылдық округі әкімі Нұрберді Беков мәлім етті.
Оның айтуынша, мәдени-демалыс орнының құны 6,6 млн теңге, көлемі 1 100 шаршы метрді құрайды. Мұнда жасанды шөп төселген ашық футбол және стрит воркаут алаңы салынды.
«Сонымен қатар, қолданыстағы саябаққа 700 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы, жарық шамдары, кіреберісі абаттандырылды және «I love DAULET» стелласы орнатылды. Алдағы уақытта жасыл екпелерді отырғызуды жоспарлап отырмыз», - деді Нұрберді Беков.