Мұнайлы ауданындағы Батыр ауылдық округі, Алматы шағын ауданында жеке тұрғын үй ауласында жатқан құдыққа екі бала құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
6 және 11 жастағы балалар бір үйде тұратын ағайындылардың балалары. Қайғылы жағдай кеше 15:30 шамасында болды.
Ауыз су құдығының тереңдігі 2 метр, 1,8 метр тереңдікте суы бар екен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.