Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аймақтағы ветеринариялық қауіпсіздік, фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау барысына арналған жиын өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиевтың мәліметінше 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының бірнеше облыстарында құс тұмауы тіркелуіне байланысты республикадағы эпизотиялық жағдай біршама күрделенген.
Маңғыстау облысында 2020 жылғы 01 қазанға 20 678 бас статистикалық құс бар. Оның ішінде, біздің облыстағы бірден бір ашық су айдыны - Каспий теңізі жағалауына жақын орналасқан (20 км радиусте) 15 ауылда 6 566 үй құстары бар. 8 қазан күні облысқа ҚР АШМ-нен бөлінген 3 500 доза вакцина жеткізілді және 9-13 қазан күндері аралығында Ақтау қаласы, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты ауылдардағы 3 412 бас құс вакцинациялаудан өткізілді.Облыстың теңізден қашық орналасқан елді мекендердегі үй құстарының құс тұмауы ауруын жұқтыру қатері жоқ және облыс аумағында жабайы құстардың аурулары мен жаппай өлім-жітімі тіркелмеген.Облыстағы жалпы эпизотиялық және ветеринариялық-санитариялық ақуал тұрақты және күнделікті бақылауда ұсталуда.
Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының фитосанитариялық бақылау және қадағалау жұмыстары бойынша ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кенжеғали Машырықовбаяндама жасады. Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімдердің тасымалдануы фитосанитариялық талаптарға сай келмегендіктен 54 рет экспорттаушы елге кейін қайтарылды. 2019 жылы 9 айдың (9 рет) көрсеткіштерімен салыстырғанда 83%-ға артық.
Карантиндік нысан батыстың гүл трипсі 6 жағдайда анықталды. 9 ай ішінде карантиндік өнімдерді тасымалдауы кезінде карантиндік заңнамаларды бұзғаны үшін 124 заңды тұлғаларға 9 244 860 теңгеге айыппұл салынған.
Сондай-ақ, жиын барысында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау барысы туралы«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Айбек Ануарбеков мәлімдеме жасады.
Маңғыстау облысында Республикалық маңызы бар автожолдарының ұзындығы 1011 шақырымды құрайды. Оның ішінде 913 шақырымы «Қазақавтожол» ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының қарамағында.
Бүгінде автожолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
"Қазақавтожол" ЖШС МОФ-да автожолдарды қыста күтіп ұстауға арналған 24 арнайы бірлік техника бар
1.ЖІК( Камаз, Фотон, Орал): 8 бірлік,
2.Автогрейдер: 7 бірлік, оның ішінде жарамды-5 бірлік.
3.Тиегіш: 2 бірлік,
4.Трактор: 7 бірлік,
Көктайғаққа қарсы материалдар бойынша:
1.Техникалық тұз: жоспар 247 тн, 101 тонна дайындалды. Жоспардың 41% (247 тн) – «Оймашы» ЖШС карьерінен жеткізіледі»;
2. Құм: Бүгінде - 1880 тн. Дайындалды. Жоспардың 63% (3000 тн) - "Карьертау"ЖШС карьерінен жеткізіледі.