Бұл туралы МО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жансая Бердімұратқызы өзінің фэйсбук парақшасында жазды.
Оның айтуынша, бейнеролик ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен және өңірдің белсенді жастарының қолдауымен дайындалған.
Сюжет бір отбасы туралы, отбасында отағасы құқық қорғау органдарының өкілі, ал анасы- дәрігер. Бұл екі мамандық та қазіргі таңда алдыңғы қатарда. Дәлірек айтсақ, медицина қызметкерлері бірінші болып қауіп-қатерге төтеп беріп, онымен күреседі және басқалардың өмірін сақтап қалу жолында өзіне қауіп төндіреді. Ал полиция қызметкерлері баршамыздың қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді.Әрқайсымыздың жауапкершілікті болуымыз және өз-өзімізді тәрбиелеуіміз карантиннің қаншалықты тез арада жойылатынын және індеттің құлдырайтынын анықтайды. Осы орайда, қозғалысты шектеп, гигиеналық шараларды сақтаңыз, ал, бұл- полиция мен дәрігерлерге бізден ең жақсы көмек, - деп жазды ол.