Бейнеуде ерікті жастар тігін шеберханаларымен бірге маска тігіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы фэйсбук парақшасында мәлімдеді.
Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған ерікті жастар 14 тігін шеберханамен келіссөз жүргізіп, күніне екі мың дана маска дайындауға кіріскен. Тігілген маскалар дәріханаларға тапсырылып, сатылатын болады.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ