Заңсыз тексерулер мен кәсіпкерлік қызметке араласқандары үшін төрт лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 19-ы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Биыл алғашқы жарты жылдықта прокурорлар 600 кәсіпкердің құқығын қорғап, олардың пайдасына 900 миллион теңгеге жуық қаржы өндірді. Бұзушылықтар негізінен салық, жер заңнамасы және мемлекеттік сатып алу саласында анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, – делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.