2023 жылғы 14 шілде, Ақтөбе облысы. Бүгін Ақтөбеде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары өкілдерінің басын қосқан Қазақстан ауыл әйелдері форумының облыстық отырысы өтті. Қазақстанның батыс облыстарынан 300-ден астам ауыл әйелдері іс-шараларға жергілікті жерден және онлайн қатыса алды. Облыс әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрліктерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері әйелдер аудиториясымен тікелей байланыста болады.
Бұл форум ауылды тұрақты дамыту бойынша сындарлы ұсыныстарын білдіретін және жергілікті мәселелерді шешуде табысты тәжірибе алмасуға Қазақстанның ашық ең белсенді әйелдерінің жыл сайынғы кездесулерінің жалғасы болып табылады. Биылғы жылы пандемиядан кейін бірінші рет жұмыс барлық мүдделі тараптарды онлайн қосу мүмкіндігімен жергілікті жерде өткізу форматына оралды. Бір ай бұрын Жетісу өңірінде дәл осындай облыстық отырыс өтсе, алда Солтүстік, Шығыс және Орталық өңірлердегі ауыл әйелдерінің қатысуымен облыстық форумдар күтілуде. Қорытынды шара – ауыл әйелдерінің VI республикалық форумында Астанада әр облыстан келген делегацияларды қабылдау болады.
Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы алтыншы жыл бойы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және ауыл тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту жолдарын іздестіру және бастамаларды талқылауға алаң ұсынып келеді. Осы уақыт ішінде 10 мыңнан астам әйел өз ұсыныстарымен бөлісті, жаңа білім мен іскерлік байланыстарға ие болды, республиканың түкпір-түкпірінен келген делегаттар арасында өз пікірлері мен белсенділіктері қолдау тапты.
«Форумның міндеттеріне жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, жергілікті өзін-өзі басқару құралдарын дамыту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ 2030 тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу мәселелерін талқылау кіреді», - деп түсіндірді іс-шаралардың модераторы және «Қазақстан ауыл әйелдері форумы» ұйымдастыру комитетінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина.
Сондай-ақ форумға қатысушылар «Coca-Cola Belesteri» жобасының Бизнес негіздері және Farmer school онлайн мектебінің фермерлік дағдыларын дамыту және Кооперация бойынша қоғамдық ұйымдардың практикалық тренингтеріне қатысуға мүмкіндік алды.
«Қазақстанның ауыл әйелдері форумының» ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы» ЗТБ, «Әлеуметтік динамика» ҚҚ және облыс әкімдіктері.