Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атқан браконьер ұсталды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
"Охотзоопром" РМҚК қызметкерлері мен полицейлердің бірлескен рейдтік іс-шаралары кезінде Қызылсай ауылының тұрғыны атуға тыйым салынған жануарды ұстағаны анықталды. Үйдің ауласында тұрған "Toyota Sequie" көлігін тінту кезінде қарақұйрықтың 17 ұшасы мен еті табылды. Қарақұйрықтың жоғалу қаупі төніп тұр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ауыл тұрғынынан аңшылық мылтық, 12 калибрлі 66 патрон, 7,62 калибрлі 37 патрон, балта, пышақ, жеті қуаттағыш тәркіленді.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктерге заңсыз қарау).