Ақтауда жаңадан орнатылған 5 модульдік дәретхананы орталық инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дәретханаларды инженерлік желілерге толық қосқан соң, қолданысқа берілмек. Аталған дәретханалар тұрғындардың сұранысы бойынша адам көп жүретін жерлерге қойылып отыр.
Жаңадан орнатылған 5 модульдік дәретханалардың мекен-жайы:
15 шағын аудан «Самал» ауданы маңындағы теңіз жағалауы
14 шағын аудандағы теңіз жағалауы
12 шағын аудандағы ту тұғыры маңы
«Приморский» елді мекендегі теңіз жағалауы
7а шағын ауданындағы теңіз жағалауы
Жаңадан орнатылған дәретханалардың жұмыс жасау кестесі мен кіру бағасы қолданысқа берілгеннен кейін нақтыланатын болады.
Ал қала бойынша бұрыннан тұрған дәретханалар төмендегі мекен-жайда орналасқан. Аталған дәретханалардың қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін мекеме «Әділет» бейімдеу орталығы мүгедектердің қоғамдық бірлестігі.
15 шағын аудан теңіз жағалауында полиция пунктінің маңында
15 шағын аудандағы теңіз жағалауында жер асты дәретханасы
4а шағын ауданындағы «Скальная тропа» маңында
4а шағын аудандағы «Тарасик» маңында
4а шағын аудандағы теңіз жағалауында «Karvon» мейрамханасының маңында
«Ақбота» саябағының ішінде
Ал кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғызылған дәретханалардың мекен-жайы:
9а ш/а «I love Aktau» жазуының маңында(инженерлік желілері жүргізіліп жатыр)
Приморский елді мекеніндегі теңіз жағалауында
Аталған дәретханалардың жұмыс жасау кестесі:
Дүйсенбі күні - 18:00-00:00
Басқа күндері - 12:00-00:00
Бір адамға кіру бағасы 100 теңгені құрайды.