Маңғыстауда туристік маусым жалғасып жатыр. 2023 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы іс-шаралар сериясы ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Туристік маусымға байланысты Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарын алдағы уақытта бірнеше іс-шаралар күтеді. Солардың қатарында, 11,19,26 күндері болатын Қоқыс жинайтын 3 жарыс, 7 қазанда «HoReCa Aqtau 2023»гастрономиялық фестивалі мен форумы аясында Balqaimaq Fest және 27 қыркүйек күні дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік форум бар.
Ал, 9, 10 қыркүйекте Каспий теңізінде тур басталады. 7 қазанда тақырыптық өндірістік тур және 27 қыркүйек пен 1 қазан күні агротуризмді насихаттауға арналған ақпараттық тур өтеді. Сондай-ақ, 24 қыркүйекте ңөркем фото фестивалі мен 23 – 27 қазан аралығында Ақтау қаласының бағыты бойынша иммерсивті аудио-тур іске қосылады. Сонымен қатар, 22-23 қыркүйек экологиялық автомобиль туры, 19 қараша киберспорт чемпионаты, 3-5қараша туризм саласындағы IT шешімдерді әзірлеу жөніндегі Хакатон, 23 қыркүйек шебер қолөнершілер жәрмеңкесі 21-24 қыркүйек Street Art Фестивалі, 21-22 қыркүйек Каспий маңы мемлекеттерінің қатысуымен Caspian Fashion days өтеді.
Сондай-ақ, 23-24 қыркүйек CaspiyTurFest Фестивалі, 23 қыркүйек Ақтау қаласындағы жартылай марафон, 7 қазан Ақтау қаласында веложарыс пен 14 қазан күні ойлы қырлы жерде жүгіру шарасы болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шаралар Маңғыстау облысындағы туристік маусымды қараша айының соңына дейін ұзартуға бағытталған. Бұл ұйымдастырылған және жоспарланған демалыс мәдениетінің белсенді дамуына мүмкіндік береді, сонымен қатар жағалауға келген туристер есебінен жергілікті тұрғындар мен бизнестің кірістеріне оң әсер етпек.