Ақтаудағы 19 ш/а орналасқан тұрғын үйлердің бірінде қоқыс үйіндісі пайда болған. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Желіде жарияланған видеода көшенің қоқысқа толғаны анық көрсетілген.
- Үнемі осы. Әкімдік жұмыс істей ме өзі? «Қаланың ортасы» деген аты бар, - деп видео авторы наразылығын білдірді.
Аталған мәселе бойынша «Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ өкілдері жауап берді. Олардың айтуынша, тұрғын үй әлі қолданысқа берілмеген.
- Жауапты мекемелерге тиісті тапсырма берілді. Жақын арада жинап алып тастайды. Үй әлі қолданысқа өтпегендіктен мердігер мекеме мен пәтер иелері кооперативі аталған тұрғын үйдің қоқысына жауапты, - делінген хабарламада.