Премьер-министр бүгін елдің батысында энергия жүйесінің жай-күйін кеңейтілген талдау нәтижесінде энергия кәсіпорындарының жұмысында бірқатар жүйелік кемшіліктер анықталғанын Президентке хабарлады. Сонымен қатар, Энергетика министрлігі, KEGOC, МАЕК және ҚМГ жұмысында кемшіліктер анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевке мұнай өңдеу зауытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды уақытылы іске асырмағаны үшін сөгіс жарияланды.
Энергетика Вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Батыс энергия торабының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды әлсіреткені үшін сөгіс алды.
Сондай-ақ, МАЭК, АМӨЗ және KEGOC бірқатар басшылары мен лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік шаралар қабылданатын болады.