Орталық сайлау комиссиясының алдын ала жариялаған нәтижесі бойынша Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров басым дауысқа ие болған, деп mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Парламент Сенаты депутаттығына кандидат ретінде Маңғыстау облысы бойынша 3 кандидат тіркелген болатын.
Кандидат ретінде тіркелгендер - Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов және «Идальго Актау» ЖШС Бас директоры Ирина Беляева.
Сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов баяндама жасағаннан кейін, тіркеуден өткен өңірдегі 119 депутат өз таңдауларын жасады.