Әлеуметтік желілерде "МАЭК" ЖШС-на қарасты ЖЭС-2 су жинау каналының ернеуіне мұз қатқандығы, соның нәтижесінде ЖЭС-1 қуат өндіру көлемі 10 мвт-қа, ЖЭС-2 қуат өндіру көлем 15 мвт-қа төмендегені жөнінде ақпарат тарады. "МАЭК" ЖШС мәлімдеуінше, мұз қатуына байланысты өндірістік тұтынушылар үшін уақытша шектеулер енгізілген. Қазіргі уақытта олар толығымен жойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“ҚазАзот" АҚ үшін сағатына 5 текше метр теңіз суын беру бойынша шектеулер енгізілген болатын.
Маңғыстау облысының ТЖД мен әскерилендірілген бөлімшелерінің қызметкерлері ЖЭС-2 су жинау каналында орын алған кедергіні жою жұмыстарына жұмылдырылды.
"МАЭК" ЖШС жоғарыда аталған кедергілерді жою бойынша жедел іс-шаралар қабылдады.
"МАЭК" ЖШС тұрмыстық тұтынушылар үшін енді ешқандай шектеулер енгізілмейтіндігін мәлімдеді.