Бейнеу аудандық Әли Балта палуан атындағы орталық стадионы жанында ашық аспан астындағы мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қыстың сықырлаған аязына орай жасақталған мұз айдынында сырғанақ тебуге қызыққан бейнеулік жастар үшін өз уақытын тиімді әрі көңілді өткеруге мүмкіндік туды. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер сырғанақ тебушілерге конькилерді жалға беру қызметін де ұйымдастырды.
Видео @beineutoday instagram-парақшасынан алынды