«Адай» қазақ жылқысы жеке тұқым ретінде танылады. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында жалпы қаржыландыру көлемі 3 жылға 682,5 млн теңгені құрайтын Адай «Қазақ жылқылары мен Қостанай тұқымының салт мініс қасиеттерін сақтау және жетілдіру» ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыру қолдау тапты», - деп атап өтті Үкімет басшысы өз жауабында.
Оның келтірген дерегі бойынша, бағдарламаны іске асыру нәтижесінде салт мініс бағытындағы жылқылардың жаңа селекциялық сипаттамаларын алу жоспарланған. Бұл жылқыларды халықаралық аренаға шығаруға мүмкіндік береді.
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңға және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтеріне, желілері мен кростарына сынақ жүргізуді тәртібін бекіту туралы» шешіміне сәйкес бағдарламаның нәтижелері бойынша (адай типіндегі жылқылардың селекциялық жетістіктері) Адай жылқысы тұқымын тану жүзеге асырылатын болады. Бұл құнды асыл тұқымды ресурстарды дұрыс пайдалануға серпін береді», - деді Әлихан Смайылов.