Еліміздің барлық кинотеатрларында 23 мамырдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмі көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Режиссерлер Ерген Тоқмырзин мен Ерлан Нұрмұхамбетов түсірген көркем фильмде қазақ халықының ұлы ұстазы, ағартушы, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы суреттеледі.
А.Байтұрсынұлы басына небір қиындық түссе де, аласапыран заман тезінен адамшылық қалпын жоғалтпай, айнымай өткен тұлға. Фильм ұлы тұлғаның сын-сынаққа толы өмір жолын сыр шертеді.
Фильм еліміздің жастарын отансүйгіштікке шақырып, ұлы тұлғамызды ұлықтау, рухани құндылығымызды сақтау сынды сезімдерін оятады.