Бүгін Гитлер канцеляриясын шабуылдаған халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Ақкөл ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген.
Сағадат Нұрмағамбетов 1942 жылы әскер қатарына шақырылған. Беларусь, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдова, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты.
1991 жылғы қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетов Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
1994 жылы Президенттің Жарлығымен оған «Алтын Жұлдыз» табыс етіліп, «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған, Кеңес Одағының батыры атағын алған.