© Фото ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқан Орал қаласының екі тұрғыны сотталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласы сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін аталған екі азаматтың әрқайсысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
«Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды. Анықталғандай, сотталушылар 2021-2022 жылдары Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына қол жеткізіп, көшірген. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады ведомстводан.