© Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырап, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін сағат 10:20-да Алматы облысы, Кеген ауданы, Еңбекшіқазақ ауданымен шекаралас аумақта туристер мінген автобус аударылғаны мәлім болды.
Белгілі болған дерек бойынша, автобус “Қазавтожол” желісіне жататын “Аласа” асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты.
«Автобуста 37 адам отырғаны анықталды. Кеген аудандық ауруханасына 5, Жалағаш аудандық ауруханасына 4, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді. Жол апаты кезінде адам өлімі тіркелген жоқ, - деп жазылған өңір әкімдігі таратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.