Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жобаның басты мақсаты – әрбір батырдың тарихта лайықты танылуын қамтамасыз ету. batyrlargatagzym.kz порталы түрлі ақпарат көздерінен жинақталған және қазақстандықтардың ерлігін мәңгілік насихаттауға бағытталады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жоба 2023 жылы басталды және азаматтық қоғам, волонтерлердің үлкен қызығушылығына ие болған. Функционалдық мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды порталға жүйеленді.
Бүгінде порталда 100 мыңнан астам қазақстандық ардагер туралы ақпарат бар. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығында порталдағы ардагерлер туралы деректер жинақталады деп жоспарланып отыр.
– Әрбір қазақстандық ардагерлер туралы мәліметтерді жіберіп, жобаға үлес қоса алады. Жеке отбасылық мұрағатта сақталған құжаттарды көшіруге рұқсат берсе, сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа да материалдар болуы мүмкін, - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.