Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Данияр Жаналинов жыл басынан бері акциз түсімдері 682 млрд теңгеге, былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге өскенін айтты.
- 782 000 литр заңсыз алкогольдік өнім анықталып, тәркіленді. Сатушылар мен өндірушілер жауапкершілікке тартылады. Соның ішінде тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатудың 149 фактісі тіркелген. Оларға да айыппұл салынады. Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сату фактілері бойынша 194 млн теңгеге жуық сомаға 77,9 мың литр тәркіленді, - деді Данияр Жаналинов.
Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы айыппұл мөлшері субъектінің – жеке немесе заңды тұлғаның мәртебесіне, бизнестің көлеміне байланысты екенін атап өтті. Айыппұл - 15, 25, 40 және 150 АЕК.