Қазақстандықтар 2023 жылдың алғашқы айында жексенбіден бастап, 3 қаңтарға дейін демалады. Алдағы үш күн – 4, 5 және 6 қаңтар – жұмыс істейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
2023 жылы 7 қаңтарда тойланатын Рождество мерекесі сенбіге, демалыс күніне сәйкес келеді және бұл жағдайда демалыс күні ауыстырылмайды.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 31 желтоқсанға және 1, 2, 3, 7, 8 қаңтарға сәйкес келеді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 1, 2, 3, 7, 8 қаңтар болады.
Еске салайық, биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн – 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады.