Бұл жайлы mangystaumedia.kz сайты «ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме бере отырып хабарлайды.
Қаражат зардап шеккен аймақтардағы маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, жаңа үйлер салуға жұмсалады.
Көмекті дұрыс пайдалану үшін қаражат «Демеу Қазақстан» қорының арнайы шотына аударылады.
Наурыз айының басынан бері «ҚазАзот» АҚ және «Матен Петролеум» АҚ компаниялар тобы 100 миллион теңгеден астам қаражат жолдады, оның ішінде 70 миллион теңгеге гуманитарлық заттар жіберілді. 30 миллион теңгеден астам қаржы Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан барған еріктілердің шығынына жұмсалды.
«Біз су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға алғашқы күндерден бастап көмек көрсетіп келеміз, бұл сынақты ауызбіршілік пен бірліктің арқасында еңсеретінімізге сенімдімін», - деді кәсіпкер.
Әбләзімов Бахаридин Нұғманұлы – «ҚазАзот» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы.