Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев электр энергиясына бағаны көтеру, тарифті арттыру мерзімдеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
"Менен Мәжілісте болғанда “қанша көтеру керек деп ойлайсыз” деп сұрады. Мен кем дегенде 15% екенін айттым. Өйткені біз энергетиктермен, жылу берушілермен тікелей диалог жүргізіп жатырмыз. Олар салада қалыптасқан өте қиын жағдайды растап отыр және ауқымды инвестициялардың қажеттілігі бар", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның қысқы кезеңге сапалы дайындық туралы да айта кетті.
"Біз биыл қысқы маусымға дайындықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін кем дегенде екі мәселені шешуіміз керек. Бұл тарифтерді көтеру және осы кәсіпорындарда жинақталған үлкен қарыздарды қайтару. Олардың ресурстары төмен, отын жинауға, жөндеуге мүмкіндік жоқ. Ал энергетикалық жабдық өте күрделі, алдын ала тапсырыс беру керек, жөндеуді қамтамасыз ету үшін бізде қысқа ғана мерзім бар. Осыған байланысты жақын арада тариф бағасының өсуі болады деп ойлаймын", - деді министр.