Қазақстанда бір тәулікте коронавирусты 45 адам жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
6 қарашада КВИ бойынша 725 адам (-577+ және 148 КВИ -) ем алуды жалғастырып жатыр. Оның ішінде стационарларда – 86 пациент, амбулаториялық деңгейде – 639 пациент бар. КВИ+ және КВИ-мен ауырғандардың ішінде: ауыр жағдайда-5 пациент, аса ауырлық дәрежесінде-3 пациент, ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент.