© Ақорда
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»Жарлыққа өзгерістер енгізуге қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Жаңа құжатта мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге тыйым салынды.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер үшін де ерекшеліктер қарастырылған.
Айта кету керек, биыл Қазақстан Республикасының жер заңнамасының сақталуын тексеру мораторийден алынып тасталды.