Түркістан облысның Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми ақпаратта. https://youtu.be/cJbg4okPtkI Сонымен бірге, әлеуметтік желіде таралған видеода Арыстағы жарылыстың салдарынан тұрғындар үдере көшіп жатқаны айтылады. Онда Арыстың айналасындағы ауыл тұрғындары да қалаға қарай ағылып, жолдарда көліктер көбейіп кеткен соң, жол патрульдік полицейлері көлік қозғалысын реттеуге көшкен. Себебі, Арысқа қарай жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндіру қызметі көптеп жіберілуде. https://youtu.be/MzUb1obaFSM ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді. «Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет» - деп жазады Президент өзінің twitter парақшасында.